Главная » Статьи » Родной язык [ Добавить статью ]

Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы

Дуйсенова Камар Есбосынкызы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын әдебиеттің тектеріне қарай жіктеп, мазмұнын, құрылымын, автордың негізгі ойын меңгерту.
Дамытушылық: студенттердің танымдық ойлауын дамытуды негізге ала отырып, шығармашылықпен жұмыстануға, ізденуге бағыт беру, сөз саптау өнеріне баулу.
Тәрбиелік: шығармаларын талдай отырып, адамгершілік құндылықтарды меңгерту, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне баулу.
Сабақтың түрі: танымдық ізденіс
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сатылай кешенді талдау, тірек-сызбалар арқылы оқыту, постер, Блум түймедағы, Венн диаграммасы, балық қаңқасы, Джигсо, ақылдың алты қалпағы, диалогтық оқыту, зерттеушілік оқыту, инсерт.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тұсаукесер (презентация), бағалау бетшесі, үлестірмелі тапсырмалар,
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасып, студенттердің сабаққа қатысын тексеру;
- Аудиторияда жағымды ахуал туғызу;
- Студенттердің зейінін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Шәкәрім Құдайбердіұлының шы
2. ғармашылығынан бір өлеңді жаттау.
3. Сөйлемді толықтырыңыз.
• А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әні - ... . («Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңі)
• ... поэмасы алғашында «Мұтылған деген лақап атпен жарияланған. («Қалқаман-Мамыр» поэмасы)
• Ел билеген жуандардың өктемдігі, парақорлығы ... өлеңінде сыналған. («Жуандар» өлеңі)
• ... өлеңінде қазақ арасындағы алтыбақан алауыздықты, көреалмаушылық, антбергіштерді сынайды. («Партия адамдары» өлеңі)
• «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы трагедиялық жағдайлар тікелей ... қолымен жасалады. (Көкенай)

• Шығыс классигі Физулиден кейін жырлаған ғашықтық поэмасы - ... . (Ләйлі-Мәжнүн)
• Шәкәрімге ... айып тағылып, 73 жасында қастандық құрбаны болды.
ІІІ Жаңа сабақ

Ақын Алаш қайраткері Қазақ газетінің редакторы

Аудармашы ағартушы


Тіл білімінің атасы Публицист Әдебиеттану ғылымының негізін салушы

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді. Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады. 1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады. Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.
Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 ж. жарық көрді. Қазақ әдебиетінде Абайдан басталған жаңа арна – мысал жанры Байтұрсыновтың «Қырық мысалымен» орнығып, ұлттық сипат алды. Оның мысалдары әлеуметтік-қоғамдық жағдайды меңзейтін оқиғалардың, адамдар психологиясынан хабардар ететін ғибратты тұжырымдардың молдығымен ерекшеленеді.
Ол 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ жастарының рухани көсемі болды. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі.
Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеу еңбегі әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. А.Байтұрсынов ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. А.Байтұрсынов – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді.
1-тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдеріне теориялық талдау жасау және шығарманың идеясын талқыға салу.
І топ: «Оқуға шақыру» өлеңі (постер әдісі)
ІІ топ: «Қазақ қалпы» өлеңі (Блум түймедағы)
ІІІ топ: «Жиған-терген» өлеңін салыстыра талдау (Венн диаграммасы)
ІV топ: «Жауға түскен жан сөзі» өлеңі (Балық қаңқасы)
2-тапсырма. Мысалдарын оқып шығып, рөлдік ойынмен сахналау. Ол үшін әр топқа берілген мысалдарға сәйкес бетперде, суреттер таратылады.
І топ: «Егіннің бастары» мысалы
ІІ топ: «Қасқыр мен қозы» мысалы
ІІІ топ: «Қартайған арыстан» мысалы
ІV топ: «Бұлбұл мен есек» мысалы
3-тапсырма. А.Байтұрсыновтың Айқап журналында жарық көрген «Қазақ өкпесі» мақаласын оқып, Эдвард Де Бононың «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен талдату. Ол үшін берілген мақаланы Джигсо әдісімен бөліктерге бөліп алып, бір-біріне түсіндіреді, пікір алмасады.
І топ іштей екіге бөлініп, ақ және қызыл қалпақты алады.
ІІ топ та іштей екіге бөлініп, сары және қара қалпақты алады.
ІІІ топ жасыл қалпақ бойынша талдайды.
IV топқа көк қалпақ беріледі.
Ақылдың алты қалпағына қысқаша сипаттама:
Ақ қалпақ факт, дәлелге сүйеніп сөйлейді.
Қызыл қалпақ ашу, эмоцияға бейім болып келеді.
Сары қалпақ өкілдері оптимисттер, кезкелген жағдайға оң көзқарас танытады.
Қара қалпақ кигендер – писсимисттер, теріс көзқарасты жандар.
Жасыл қалпақ кигендер жаңаша көзқараспен қарап, жаңа идеямен пікір білдіреді.
Көк қалпақ мәселе бойынша шешу жолы ретінде ұсыныс білдіреді.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Инсерт әдісін түрлендіре отырып, тақтаға А.Байтұрсыновтың суретіне тіркелген қоржын ілінеді. Алдымен оқушылар осы сабаққа дейін А.Байтұрсынов туралы не білетініне ауызша тоқталады. Кейін қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта нені .үйренгенін дәлелдеп шығады. «Үйренгім, білгім келеді» жәшігіне болашақта нені білгісі келеді соны жазып тапсырады.
V Қорытындылау.
Сонымен, білім алушылар, Ахмет ХХ ғасырдың ұлт көсемі, халқын маса болып надандықтың шырмауынан оятуға асыққан жандардың бірі. Әдебиеттану. тіл білімі саласында көлемді еңбектер жазып, Алаш қозғалысының құрметті қайраткері болды. Оның халықтың дүниетанымы мен қоғам өмірінің шындығымен астасып жатқан шығармалары болашақ ұрпақты адами құндылықтарға тәрбиелейді. Патриоттық рухы жоғары ақынның шығармашылығында елдік, бірлік мәселесі көрініс тапқан. Елдің ертеңгі өскелең ұрпағының септігіне жарауды мұрат етеді.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін!
VI Бағалау. Қарсы топтың басшылары толтырған «бағалау бетшесіне» сүйене отырып, қорытынды бағаны қою.
VII Үй тапсырмасы. Ахмет Байтұрсыновтың бір өлеңін жатқа оқу және автордың мысалдарына сүйене отырып, бүгінгі қоғамның ахуалын бейнелеу.


Чтобы скачать материал, пожалуйста, авторизуйтесь или зарегистрируйтесь! Это быстро ! )