Главная » Статьи » Мои статьи [ Добавить статью ]

Дара, күрделі, үйірлі. анықтауыштар
Сабақтың тақырыбы: Дара, күрделі, үйірлі анықтауыштар. Сабақтың мақсаты: а) білімдік - анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету; ә) дамытушылық - түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу; б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалары бар плакат, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: биология, орыс тілі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 50- жаттығу 1. Анықтауыш дегеніміз не? 2. Анықтауыштың түрлері? 3. Анықтауыш қалай байланысады ? ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Соған сәйкес сұрақтары: Қандай? Қай? Қанша? Неше?Кімнің? Ненің? Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады. Анықтауыштар құрылысына қарай дара, күрделі және үйірлі болады (кестеге қараңдар). Анықтауыштар құрылысына қарай Мысалдар Дара Құстар шыршалы орманды жақсы көреді Күрделі Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені - алып қарағай. Үйірлі Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді. Талабы бар жігіт жерде қалмайды. Анықтауыш болатын сөз таптары Мысалдар Сын есімдер Қысқа жіп - күрмеуге келмес. Зат есімдер Сәндікке күміс жүзік тағатын болды. Сан есімдер Адамның үш жұрты болады: ағайын жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Есімдіктер Осы жылқы - жүйрік. Есімше Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады. Ілік септікте тұрған есім сөздер Шыршаның қабығы жырым-жырым,ал май қарағайдың діңі жып-жылтыр. ІҮ. Оқулықпен жұмыс: 1- тапсырма. Берілген сөздерді анықтауыш етіп сөйлем құраңдар. Алқызыл гүл, алаңдағы балалар, Еркебұланның, Абайдың інісі Шәкәрімнің, өзіміз секілді, жиырма төрт вагон, жаңа ықшам аудандағы, оңтүстік астананың, он алты қыз, аузымен орақ орғанның, теміржолшы Нағашыбай, әжемнің оюлары, атамның аңызы, ескі қоныстағы (көрші). 2- тапсырма. Берілген сөйлемдерді дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар. Анықтауыштық қатынас арқылы байланысқан сөз тіркестерін табыңдар. Матаса байланысқан сөздің астын түзу, қабыса байланысқан сөздің астын ирек сызықпен сызыңдар. Әз Тәукенің бір қасиеті ғажайып қырағылығы болыпты. Тұтқиылдан келген жоңғардардың шабуылына шалқақ төсті, жолбарыс бетті болып көрінді. Басы да елден ерек, торсық шекелі екен. Таудың ұшар басындағы аппақ шың тым асқақ, паң көрінеді. Оқшауырақ тігілген ақ үйлерге қарай бастап жүрді. Көрме басында да кілең бір әлекедей жаланған жас жігіттер тұр екен. Алыстан ат соғып келген жолаушылар аяқтарын соза көсіліп, төрдегі жүк үстінен құлатылған құс жастықтарға шынтақтай жайғасты. . Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 1. Анықтауыш сөйлемнің қандай мүшесі? (тұрлаусыз) 2. Анықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (Қандай? Қай? Қанша? Неше?Кімнің?Ненің?) 3. Дара анықтауышқа мысал келтіріңдер. 4. Күрделі анықтауышқа мысал келтіріңдер. 5. Үйірлі анықтауышқа мысал келтіріңдер. 6. Анықтауыштың асты қалай сызылады? (ирек сызықпен) 7. Білімді бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс: «Адамның жақсы, жаман болмағы - өзінен» деген тақырыпта ойтолғау
Категория: Мои статьи | Добавил: (07.04.2017) | Автор: Килибаева Жибекбике E
Просмотров: 960 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar