Главная » Статьи » Мои статьи [ Добавить статью ]

Біз құқығымызды білеміз бе?
Барысы:
Ұйымдастыру: екі топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Бүгінгі 5 «В» сыныбында өткелі отырған «Біз құқығымызды білеміз бе?» атты сыныптан тыс жұмысымызға қош келдіңіздер! Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасында дау жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады. Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін қалаушы Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Бұдан кейін Шыңғысханның «Үш жасасы»13-ғасырда, Қасымханның «Қасқа жолы» 14-ғасырда, Есімханның «Ескі жолы»15-ғасырда Тәукеханның «Жеті жарғысы»16-ғасырда болды.
1989 жылы 20-қарашада Бала құқықтары туралы Конвенция БҰҰ-да қабылданып, 1995 жылы желтоқсанда Н.А.Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Ал тәртіп пен заң біздің қалапты тіршілігіміз үшін қажет , сонда ғана адамдар қалыпты жағдайда өмір сүреді, - деген Б. Момышұлы. Сондықтан әр адам өз құқығын білу –заман талабы.
Көрініс: «Рамазан мен Салауаттың орындыққа таласуы»
Жүргізуші (Махаббат): - Құрметті оқушылар және ұстаздар! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.Осы мақсатта біз сіздермен бүгін “Біз құқығымызды білеміз бе?” тақырыбында сыныптан тыс жұмысымызды өткізбекшіміз.
Сайысқа 2 топ қатысады:
І топ. «Ата Заң» тобы.
ІІ топ. «Құқық» тобы.
Сайыс 7 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру (аты, ұраны)
2. Тәртіп орнат (Тікелей сұрақ)
3. Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?
4. Жұмбақ шешу
5. Жағдаяттық сұрақтар
6. Мақал-мәтел (Сәйкесін табу)
7. Мұны әрбір оқушы білуі тиіс.
Әр сайыста балдар беріледі, жоғарғы ұпай 10, төменгі ұпай - 5. Кімде көп ұпай болады, сол топ жеңімпаз атанады.

І. Таныстыру (аты, ұраны)
І топ. Ата Заң тобының ұраны: Заң біткен жерде зұлымдық басталады.
І. Ата-Заңым асыл қазынам
Халықтың ақ тілегі
Ізгіліктің бастауы
Ата заң бұл киелі
Еліміздің бас заңы
Түзелегн өн бойында
Әділдіктің ақ жолын
Нұр боп жансын жолында
Самға біліп алда оны!
Бақыт:
Қалауымша оқимын, білім алам,
Еңбек етем, қартайсам, тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Конституциям бекіткен мұны маған.
Айдана:
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
14-бап. Заң алдында жұрттың бәрі тең.
Бұл заңда жеңіс даңқымыз
Салтанат құрған салтымыз
Сүйініш, қамқор қорғаушы
Сүйеді заңын халқымыз
13-бап. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
Әділ заң еңбек желісін
Бағалар ерлер жеңісін
Адамның еркін айқындап
Қызмет етер ел үшін.
2-бап. Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Шықты тарап ой данадан
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті
Ол- Нұрсұлтан Назарбаев
75-бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар:
Шыр етіп жерге түскенде
Жұтқаным ауа таза леп
Жер-Ана сенің қойныңда
Өмір сүремін керемет
ІІ топ. Құқық тобының ұраны: Құқығыңды сақтап үйрен,бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа.
5-бап. Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ!
Шындығымның шырайы
Бақытымның күн, айы
Қамқор болып бөбекке
Қолын созған ұдайы
12-бап. Біреудің атына кір келтіруге тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хатын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз ел сенген
Қорғар бәле –жаладан
Ата заң бұл ардақты!
Балалар өз елімізді және атамекенімізді осы ата заң аясында қорғап отырмыз.
Хор. Атамекен
19-бап. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқы бар.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
27-бап. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы.
Тәртіпті егер болсаң сен,
Жақсы көрер ұстазың
Ата-анаңмен мектебің
Өнеге болар ұстамың.
29-бап Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Ата заңым шаттығымды қорғайды
Пәктігімді қолдайды
Ар атынан айтқан соң
Денсаулықты ойлайды.
30-бап. Азаматтардың тегін, орта білім алуына, жоғары білім алуына құқығы бар.
Кітапты алып қолыңа
Біліммен енді достастың
Жаз бойы күнде ойнаған
Алаңмен бүгін қоштастың
24-бап. Әркімнің еңбек етуге, тынығуға құқығы бар.
Еңбексіз адам гүлдемес
Білімсіз адам түк емес
Еңбек пен білім ұштасса
Тынығарсың бір белес.

ІI. Тәртіп орнат.(Тікелей сұрақ)
« Ата Заң» тобына
1. Баланың азаматтық құқығы қай кезден кезден басталады? (бала туған кезінен басталады)
2. ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
3. Қай жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балалар құқығы туралы» конвенция қабылданды?(1989 жыл 20 қараша)
4. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептелінеді? (18жас)
5. Әр адамның жеке басының куәләндыратын құжат қандай (төлқұжат)
«Құқық» тобына
1. Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай? (өмірсүру құқығы)
2. Конституция күнін ата? ( 30 тамыз)
3. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап)
4. Құқық (заңдар жүйесі)
5. Конституция ( еліміздің негізгі заңы)

III. Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?
«Ата Заң» тобына
1. Дүкенде спиртік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
«Құқық» тобына
1. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
2. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
3. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.

IV. Жұмбақ шешу.
« Ата Заң» тобына
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
(Жеті жарғы)
Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
(1991 жыл)
«Құқық» тобына
Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
(Қазақстан – 2030)
Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
(екі)

V. Жағдаяттық сұрақтар «Ата Заң» тобына
Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып: - «Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
Көріністен кейін қойылған сұрақтар: - Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма? –Кім қалай бұзды?
«Құқық» тобына
2. Сен туыстарыңмен телефон арқылы сөйлеспек болдың. Трубканы көтерсең, бөтен адамдардың сөйлесіп жатқаны қосылып кетті. Сен олардың сөзін тыңдадың.
Олай істеуге бола ма?

VI. Мақал-мәтел (сәйкесін табу)
«Ата Заң» тобына
1. Біреуге ор қазба ... (бәрінен ұзын) (өзің түсесің)
2. Заңның құрығы ... (еркін жүреді) (бәрінен ұзын)
3. Ұрлық түбі ... (мойныңмен көтер) (қорлық)
4. Өтірікшінің құрығы ... (тоқ жүресің) (бір-ақ тұтам)
«Құқық» тобына
1. Қолыңмен істегенді ... (өзің түсесің) (мойныңмен көтер)
2. Тек жүрсең ... (қорлық) (тоқ жүресің)
3. Заңды сыйлаған ... (бір-ақ тұтам)( еркін жүреді)
4. Өш алғаннан гөрі…………..(тоқ жүресің) (кешірген жақсы).

VІI. Мұны әрбір оқушы білуі тиіс.
«Ата Заң» тобына: Мына суреттерге қарап балалар құқықтарын атау керек.
«Құқық» тобына: Мына суреттерге қарап балалар міндеттерін атау керек.
І топ Балалар құқықтары
ІІ топ Оқушы міндеттері

Қорытынды.
«Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді. Заңсыз елде әркім
өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалапты тіршілігіміз
үшін қажет» - деген Бауыржан Момышұлы атамыз. Сондықтан да Ата-заңымызды оқып үйренуге, мүлтіксіз орындауға тиіспіз. Азамат неғұрлым білімді болған сайын ,соғұрлым ол өз Отанына көбірек пайда әкелері сөзсіз. Ендеше сол Азамат деген ардақты атқа лайық өмір сүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!
Категория: Мои статьи | Добавил: aida2008 (16.01.2016) | Автор: Бабасова Рыскуль Нурмухамбетова E
Просмотров: 1428 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar