Главная » Статьи » Мои статьи [ Добавить статью ]

Баланың бас ұстазы ата -ана
Жиналыс барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Шаттық шеңбері. «Танысайық ,мен…..» ойыны.
Мақсаты: ата-аналармен жақынырақ танысу.
2.Түс арқылы топқа бөлу. (Қызыл, жасыл, сары түс)

Түстерге сипаттама
Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.
Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.

II.Негізгі бөлім.
1. Жиналыс мақсатын айту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір әңгімеден бастағым келеді:
Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе -ұшырып жіберемін.» Данышпан ойланып тұрып : «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті.
Біздің балаларымыз мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі жиналымыздың мақсаты да сол - бір-бірімізбен жақын танысу.
2.Бала деген кім? Ой қозғау
Қазір сіздер ақ қағаз бетіне «Бала» туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазасыздар.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді.»
А.С.Макаренко
Сергіту сәті. «Жүрек жылуы»
Ата-аналарға жүрекшелер таратылады.Сол жүрекшеге балаларына деген жақсы лебіздерін стикерге жазып, ұсыну.
Видео тамашалау. «Біздің балалар»
III.Топтық тапсырмалар
3 топқа конверт беріледі.(Пікір алмасу)
Қызыл түсті топқа:
1. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па? (Постер қорғау)
2.Балаңыз мектепте мұғалімнің айтқанын тыңдағысы келмейді және өзінен кішілерге, әлсіздерге әлімжеттік жасайды. (Сіздің әрекетіңіз?)
Сары түсті топқа:
1. Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз? (Постер қорғау)
2.Балаңыз мектепте біреудің затын ұрлап алды және оны көшеден тауып алдым деп сізге әкеліп берді. (Сіздің әрекетіңіз?)

Жасыл түсті топқа:
1. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? (Постер қорғау)
2. Балаңыздың сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы жоқ.(Сіздің әрекетіңіз?)

Қорытындылау: Сонымен бүгінгі жиналысымыз аяқталуға жақын қалды. Бір-бірімізге жақын болдық деп қорытындылауға болатын сияқты. Ата –ананың, ұстаздың міндеті – баланың өзі жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Осы мақсатта барлығымыз бір бағытта жүруіміз керек. «Отбасы» сөзін алатын болсақ , «от» сөзінің жылулық екеніне қарап отырып, отбасы мүшелер арасында ешқашан да жылылық сезімдері азаймасын деген тілек тілей отырып, «Тілек шамы» алып бүгінгі ата-аналар жиналысы туралы өз әсеріңіз туралы айтыңыз.
Рефлексия. «Тілек шамы»
Категория: Мои статьи | Добавил: aida2008 (16.01.2016) | Автор: Бабасова Рыскуль Нурмухамбетова E
Просмотров: 562 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar