Главная » Статьи » Мои статьи [ Добавить статью ]

Қазақ батырлары - халық қаҺарманы
Сайыс барысы:
Ұйымдастыру – төрт топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.
І топ: «Рақымжан» /5а-сынып оқушылары/
ІІ топ: «Хиуаз» /5б-сынып оқушылары/
III топ «Бақтыораз»/5в-сынып оқушылары/
IV топ «Қасым» /5г-сынып/

Мұғалім: - Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де жақындап қалды. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Қазақ батырлары- халық қаһарманы» деп аталатын сыныптан тыс жұмысымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
«Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.
1-жүргізуші: Биыл жеңістің 70 жылдығы. Мерекеге небары 30 күн қалды.
2-жүргізуші: Бізге бейбіт сыйлаған ардагерлерге мың тағзым дейміз.
1-жүргізуші: Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында қазақ сарбаздары үлкен ерлік көрсетті, жеңісті жақындатуға үлес қосты.
2-жүргізуші: Олар сұрапыл соғыс жылдарында Отанын, туған жерін жаудан жанқиярлықпен, асқан ерлікпен қорғай білді.
1-жүргізуші: Бұл соғыстың қаншама халықтар үшін, қаншама елдер үшін зарлы болғаны соншалық оның зардабы соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да ұмытыла қойған жоқ.
2-жүргізуші: Өкінішке қарай жоғарыда келтірілген деректер Ұлы Отан соғысына қатысып, батыр атанған қазақ азаматтарының бізге белгілі болғандары ғана.

2-жүргізуші: Ел қорғау жолындағы қазақ сарбаздарының ерлігі түрлі шығармаларға арқау болды, бүгінде жас ұрпақтың жадында мәңгі жатталуда.
1-жүргізуші: Осы орайда осыдан тура 70 жыл бұрын жасалған батырларымыздың ерен ерліктері туралы айтпай кетуге болмайды. Экранға назар аударайық.

Видеоролик көрсетіледі
1-жүргіуші: Осы батырларымызға тағзым ете отырып,бүгінгі сайысымызды батырларымызға арнаймыз.
2-жүргізуші: Сайыскерлер осыған дейін алған Ұлы Отан соғысы туралы алған білімдерін ортаға салады.
1-жүргізуші:Сайысымызды бастамас бұрын қара қылды қақ жарған әдіп бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысушы 5 сынып оқушылары :
І топ: «Рақымжан» /5а-сынып оқушылары/
ІІ топ: «Хиуаз» /5б-сынып оқушылары/
III топ «Бақтыораз»/5в-сынып оқушылары/
IV топ «Қасым» /5г-сынып/
1-жүргізуші: Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
І кезең Өткел кезеңі /таныстыру/
ІI кезең . Самғау кезеңі.
ІІI кезең Шарықтау кезеңі.
IV кезең Шырқау кезеңі.
2-жүргізуші:Егер бүгінгі сайысымызға қатысушы сайысшыларымыз дайын болса, сайысымызды бастайық.
І кезең Өткел кезеңі /таныстыру/
«Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық»,-деп кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.
Әр топ- топтың атымен, ұранымен таныстырады.
ІI кезең . Самғау кезеңі. Бұл бөлімде әр топтың топ басшысы мына 4 түстің біреуін таңдайды.Әр топ 5 сұраққа жауап беруі керек. Әрбір дұрыс жауап 10 балмен есептеледі.

І топ сұрақтары
1.Ұлы Отан соғысы басталды /1941ж/
2.Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия /316-атқыштар дивизиясы/
3.Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны/497/
4.Рейхстагка жеңіс туын тіккен қазақстандық халық Қаһарманы / Рақымжан.Қошқарбаев/
5. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны /3,5 мың адам/

ІІ топ сұрақтары.
1.Халық қаһарманы атағын алған атақты партизан. /Қасым Қайсенов/
2.Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа ту тіккен күн /30 сәуір 1945ж./
3.Соғысқа қатысқан ақын-жазушыларының саны /100-ге жуық/
4.Екінші дүниежүзілік соғыс қай елдің тізе бүгуімен аяқталды? /Жапония/
5.Соғыс жылдары тары өсіруден әлемдік рекорд жасаған./Шығанақ Берсиев/

III топ сұрақтары.
1.Ленинград неше күн қоршауда болды? /900/
2.КСРО-ның батыс өлкесінен Қазақстанға қанша зауыт,фабрика көшірілді?/220/
3.Ұлы Отан соғысына қанша қазақстандық аттанды? /1 млн 200 мың/
4.Гитлерлік Германияның КСРО-ны жаулап алу жоспары ./Барбаросса/
5.Фашистік Германияның жетекшісі кім? /Адольф Гитлер/
IV топ сұрақтары.
1.Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды?/1 қыркүйек 1941ж/
2. 300 рет әуеге ұшқан Халық қаһарманы атағын алған қазақтың ұшқыш қызы?/Хиуаз Доспанова/
3.Рақымжан Қошқарбаевқа Халық қаһарманы қай жылы берілді?/1999ж/
4.Кеңес Одағы Батыры атағын 497-і қазақстандық алды.Оның қаншасы қазақ?/97-сі/
5.Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім!» өлеңін жазды /1941жыл/

ІІI кезең Шарықтау кезеңі. Ұяшықтағы санды таңдайды. Әр ұяшықта белгілі бір тұлға туралы мәліметтер беріледі. Тұлғаның кім екенігін табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 балмен есептеледі.

І топ сұрақтары.
1.1941 жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару жарақ қоймасына бағыттап,ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен батыр . /Бақтыораз Бейсекбаев/
2.Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас 18 жасар қазақ жауынгері. /Жәнібек Елеусізов/
3.Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп, 800-ден астам техникасын істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірген батыр. /Талғат Бигелдинов/

ІІ топ сұрақтары.
1.Қасындағы жолдастарынан айрылған, үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы бөгеп тұрған. /Мәншүк Мәметова/
2. «Отан үшін алға!» - деп,барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылған./Әлия Молдағұлова/
3.Соғыс жылдары күріш өсіруден рекорд жасаған./Ыбырай Жақаев/

III топ сұрақтары.
1. «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу!» деген жалынды сөзді айтқан./Василий Клочков/
2. «Ұшан ұя», Генерал Панфилов», «Артымызда Москва» т.б, еңбектерін жазған жазушы, Кеңес Одағының Батыры./Бауыржан Момышұлы/
3.Ленинград үшін шайқаста кеудесімен жау пулеметін жауып Отан үшін жанын қиған батыр./Сұлтан Баймағамбетов/

IV топ сұрақтары.
1. Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапқан батыр кім?
2.Соыс жылдары тары өсіруден әлемдік рекорд жасаған кім?
3. 1992 жылы Халық қаһарманы атағын алған қазақтың даңқты батыры кім?

IV кезең Шырқау кезеңі. /Үй тапсырмасы/

2-жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дегендей, ойыншыларымызды бағалау үшін әділ қазыларға сөз берейік.

1-жүргізуші: Елбасымыз өзінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен болған кездесуінде: «Біз – жауын жеңген жеңімпаз әкелердің ұрпағымыз. Осыны қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны ешқашан естерінен шығармай, әрдайым мақтан етуі керек», – деген еді. Біз де адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысқа қатысып, елін жаудан қаһармандықпен қорғаған ардагер ағалардың алдында басымызды иіп, олардың мәңгі өлмес биік рухына тағзым етеміз.
2-жүргізуші:
Қалайша жүрек бүгін бұлқынбайды
Сол күннен бүгінгі ұрпақ сыр тыңдайды
Ерлігі ағалардың ұрпаққа үлгі
Ешкім де,ешқашанда ұмытылмайды!
Осы өлең жолдарымен біздің «Қазақ батырлары-халық қаһарманы» атты тарихи танымдық сайысымызды жабық деп жариялаймыз.
Мұғалім: Ұлы Отан соғысында ағаларымыз бен апаларымыз ұлы ерлік, қайтпас қайсарлық көрсетті.Біздің болашағымыз, тыныштығымыз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпай әнге, жырға қосып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру-біздің парызымыз. Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілдік орын алсын.
Еліміз аман
Жеріміз тыныш
Аспанымыз ашық болсын демекпін.
ІV. Қорытынды
V. Марапаттау.
Категория: Мои статьи | Добавил: aida2008 (16.01.2016) | Автор: Бабасова Рыскуль Нурмухамбетова E
Просмотров: 754 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 adept • 13:38, 11.03.2016
Кажется, ни одна статья на этом сайте не вызвала ни одного комментария. 
Даже такая гениальная, как "Біз құқығымызды білеміз бе?"
Сосчитайте хотя бы меня!
avatar